Атырау облысында коронавирусты инфекциясын тарату жалғасуда, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 9 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 5 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында – 2, Қызылқоға ауданында – 1, Құрманғазы ауданында – 1 науқас анықталды.
Коронавирустық инфекциясы бар 4 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде, 5 адамда ауру белгілері жоқ.
Өткен тәулікте облыста коронавирустан 11 адам емделді.
Қазір 117 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада – 63,
аудандық инфекциялық стационарларда – 30. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда – 17 науқас.
Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы «жасыл» аймақта.