755861761112060
- ЖАҢАЛЫҚТАР108 просмотров

Атырау облысында бір тәулікте 8 адам Covid-19 жұқтырған

Атырау облысында коронавирусты инфекциясын тарату жалғасуда, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 8 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 5 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 3 науқас анықталды.

Коронавирустық инфекциясы бар 7 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 1 адамда ауру белгілері жоқ.

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 10 адам емделді.

Қазір 113 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада – 69,
аудандық инфекциялық стационарларда – 23. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда – 16 науқас.

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы «жасыл» аймақта.