Атырау облысында коронавирусты инфекциясын тарату жалғасуда, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 8 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 2 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында – 3, Индер ауданында – 1, Құрманғазы ауданында – 1 науқас анықталды.
Коронавирустық инфекциясы бар 7 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде.
Өткен тәулікте облыста коронавирустан 5 адам емделді.
Қазір 110 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада – 68,
аудандық инфекциялық стационарларда – 26. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда – 19 науқас.
Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы «жасыл» аймақта.