Қауіпті инфекцияның таралу ошағы Атырау қаласы болып отыр деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 69 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 42 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 3 науқас анықталды.
Инфекция облыстың аудандарында да таралуда. Жылыой ауданында – 6, Индер ауданында – 10, Қызылқоға ауданында – 4 науқас анықталды, Махамбет ауданында – 1 адам.
Коронавирустық инфекциясы бар 33 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 36 адамда ауру белгілері жоқ.
Өткен тәулікте облыста коронавирустан 136 адам емделді.
Қазір 308 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада – 110, екінші облыстық ауруханада – 65 пациент, фтизиопульманологиялық орталықта – 5,
аудандық инфекциялық стационарларда – 44. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда – 84 науқас.
Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы «сары» аймақта.