thumbs b c 68f5bedbbc50fc9ac8291d8d00455232
- ЖАҢАЛЫҚТАР40 просмотров

Атырау облысында бір тәулікте 562 адам Covid-19 жұқтырған

Қауіпті инфекцияның таралуы Теңіз кен орнында, Жылыой ауданында байқалып отыр деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 562 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 356 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 97 науқас анықталды.

Инфекция облыстың аудандарында да таралуда. Жылыой ауданында 51 науқас, Индер ауданында – 18, Исатайда – 5, Қызылқоға ауданында – 21, Мақат ауданында – 11, Махамбет ауданында – 3 адам.

Коронавирустық инфекциясы бар 340 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 222 адамда ауру белгілері жоқ.

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 111 адам емделді.

Қазір 8 063 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада – 212, екінші облыстық ауруханада – 182 пациент, фтизиопульманологиялық орталықта – 105, кардиоорталықта – 100, т/ж ауруханасында – 126 адам ем алуда,
аудандық инфекциялық стационарларда – 413, облыстық ауруханада – 171, жатақханада – 126, Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда – 402 науқас.

Айта кетейік, инфекцияның таралуы бойынша Атырау облысы «қызыл» аймақта.