755861761112060
- ЖАҢАЛЫҚТАР172 просмотров

Атырау облысында бір тәулікте 55 адам Covid-19 жұқтырған

Қауіпті инфекцияның таралу ошағы Атырау қаласы болып отыр деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 55 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 27 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 12 науқас анықталды.

Инфекция облыстың аудандарында да таралуда. Жылыой ауданында – 5, Исатай ауданында – 1, Қызылқоға ауданында – 7 науқас анықталды, Мақат ауданында – 2 адам.

Коронавирустық инфекциясы бар 36 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 19 адамда ауру белгілері жоқ.

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 27 адам емделді.

Қазір 817 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада – 108, екінші облыстық ауруханада – 67 пациент, фтизиопульманологиялық орталықта – 5,
аудандық инфекциялық стационарларда – 51. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда – 82 науқас.

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы «сары» аймақта.