thumbs b c 68f5bedbbc50fc9ac8291d8d00455232
- ЖАҢАЛЫҚТАР204 просмотров

Атырау облысында бір тәулікте 526 адам Covid-19 жұқтырған

Қауіпті инфекцияның таралуы Теңіз кен орнында, Жылыой ауданында байқалып отыр деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 526 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 329 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 79 науқас анықталды.

Инфекция облыстың аудандарында да таралуда. Жылыой ауданында 65 науқас, Индер ауданында – 11, Исатайда – 8, Қызылқоға ауданында – 5, Құрманғазы ауданында – 4, Мақат ауданында – 5, Махамбет ауданында – 20 адам.

Коронавирустық инфекциясы бар 319 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 207 адамда ауру белгілері жоқ.

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 235 адам емделді.

Қазір 7 633 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада – 202, екінші облыстық ауруханада – 191 пациент, фтизиопульманологиялық орталықта – 94, кардиоорталықта – 100, т/ж ауруханасында – 108 адам ем алуда,
аудандық инфекциялық стационарларда – 417, облыстық ауруханада – 164, жатақханада – 130, Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда – 376 науқас.

Айта кетейік, инфекцияның таралуы бойынша Атырау облысы «қызыл» аймақта.