Қауіпті инфекцияның таралу ошағы Атырау қаласы болып отыр деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 51 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 32 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 4 науқас анықталды.
Инфекция облыстың аудандарында да таралуда. Жылыой ауданында – 3 адам, Исатай ауданында – 2, Құрманғазы ауданында – 7, Махамбет ауданында – 1 науқас анықталды.
Коронавирустық инфекциясы бар 31 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 20 адамда ауру белгілері жоқ.
Өткен тәулікте облыста коронавирустан 102 адам емделді.
Қазір 448 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада – 101, екінші облыстық ауруханада – 48 пациент,
аудандық инфекциялық стационарларда – 37. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда – 66 науқас.
Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы «сары» аймақта.