Қауіпті инфекцияның таралу ошағы Атырау қаласы болып отыр деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 51 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 35 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 7 науқас анықталды.
Инфекция облыстың аудандарында да таралуда. Жылыой ауданында – 4 адам, Исатай ауданында – 1, Қызылқоға ауданында – 1, Құрманғазы ауданында – 1, Мақат ауданында – 2 науқас анықталды.
Коронавирустық инфекциясы бар 28 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 23 адамда ауру белгілері жоқ.
Өткен тәулікте облыста коронавирустан 10 адам емделді.
Қазір 365 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада – 77, екінші облыстық ауруханада – 38 пациент,
аудандық инфекциялық стационарларда – 35. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда – 52 науқас.
Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы «жасыл» аймақта.