755861761112060
- ЖАҢАЛЫҚТАР131 просмотров

Атырау облысында бір тәулікте 5 адам Covid-19 жұқтырған

Атырау облысында коронавирусты инфекциясын тарату жалғасуда, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 5 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 3 жағдайы расталды, Исатай ауданында – 2 науқас анықталды.

Коронавирустық инфекциясы бар 5 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде.
Өткен тәулікте облыста коронавирустан 19 адам емделді.

Қазір 69 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада – 59,
аудандық инфекциялық стационарларда – 19. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда – 9 науқас.

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы «жасыл» аймақта.