Қауіпті инфекцияның таралу ошағы Атырау қаласы болып отыр деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 46 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 32 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 4 науқас анықталды.
Инфекция облыстың аудандарында да таралуда. Жылыой ауданында – 2 адам, Индер ауданында – 5 науқас, Құрманғазы ауданында – 2 науқас анықталды.
Коронавирустық инфекциясы бар 30 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 16 адамда ауру белгілері жоқ.
Өткен тәулікте облыста коронавирустан 109 адам емделді.
Қазір 488 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада – 108, екінші облыстық ауруханада – 49 пациент,
аудандық инфекциялық стационарларда – 38. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда – 70 науқас.
Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы «сары» аймақта.