b5477c3a501aa2e1e2267f7b41d610c0 l
- ЖАҢАЛЫҚТАР133 просмотров

Атырау облысында бір тәулікте 437 адам Covid-19 жұқтырған

Өңірде коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың өсуі байқалады, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 437 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 304 жағдайы расталды, Теңіз кен орнында 25 науқас анықталды. Ал, Жылыой ауданында – 18, Индер ауданында – 23, Исатай ауданында – 17, Қызылқоға ауданында – 13, Құрманғазы ауданында – 14, Мақат ауданында – 7, Махамбет ауданында – 16 науқас анықталды.

Коронавирустық инфекциясы бар 263 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде, 174 адамда ауру белгілері жоқ.

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 43 адам емделді.

Қазір 646 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада – 197, фтизиопульманологиялық орталықта – 5 адам,
аудандық инфекциялық стационарларда – 31. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда – 218 науқас ем алуда.

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы «қызыл» аймақта.