DC04844E 59D5 4012 A099 1BC7C5FD9918
- ЖАҢАЛЫҚТАР186 просмотров

Атырау облысында бір тәулікте 430 адам Covid-19 жұқтырған

Қауіпті инфекцияның таралуы Жылыой ауданында байқалып отыр деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 430 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 220 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 49 науқас анықталды.

Инфекция облыстың аудандарында да таралуда. Жылыой ауданында 92 науқас, Индер ауданында – 5, Исатайда- 10, Қызылқоға ауданында – 14, Құрманғазы ауданында – 18, Мақат ауданында – 10, Махамбет ауданында – 12адам.

Коронавирустық инфекциясы бар 295 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 135 адамда ауру белгілері жоқ.

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 267 адам емделді.

Қазір 3896адам үй жағдайында, модульдік ауруханада – 202, екінші облыстық ауруханада – 198 пациент, фтизиопульманологиялық орталықта – 80, кардиоорталықта – 109, т/ж ауруханасында – 89 адам ем алуда,
аудандық инфекциялық стационарларда – 377. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда – 267 науқас.

Айта кетейік, инфекцияның таралуы бойынша Атырау облысы «қызыл» аймақта.