Қауіпті инфекцияның таралу ошағы Атырау қаласы болып отыр деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 43 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 22 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 7 науқас анықталды.
Инфекция облыстың аудандарында да таралуда. Жылыой ауданында – 1 адам, Исатай ауданында – 6, Қызылқоға ауданында – 2, Құрманғазы ауданында – 3, Мақат ауданында – 2 науқас анықталды.
Коронавирустық инфекциясы бар 26 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 17 адамда ауру белгілері жоқ.
Өткен тәулікте облыста коронавирустан 66 адам емделді.
Қазір 322 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада – 74, екінші облыстық ауруханада – 45 пациент,
аудандық инфекциялық стационарларда – 35. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда – 51 науқас.
Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы «жасыл» аймақта.