Қауіпті инфекцияның таралу ошағы Атырау қаласы болып отыр деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 41 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 25 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 9 науқас анықталды.
Инфекция облыстың аудандарында да таралуда. Жылыой ауданында – 3 адам, Исатай ауданында – 1, Құрманғазы ауданында – 2, Мақат ауданында – 1 науқас анықталды.
Коронавирустық инфекциясы бар 21 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 20 адамда ауру белгілері жоқ.
Өткен тәулікте облыста коронавирустан 14 адам емделді.
Қазір 312 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада – 91, екінші облыстық ауруханада – 14 пациент,
аудандық инфекциялық стационарларда – 36. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда – 71 науқас.
Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы «сары» аймақта.