201228143320015e
- ЖАҢАЛЫҚТАР111 просмотров

Атырау облысында бір тәулікте 4 адам COVID-19 жұқтырған

Өңірде коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың төмендеуі байқалады, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 4 науқас анықталды. Атап айтқанда, 3 науқас – Теңіз кен орнында анықталған, 1 науқас – Құрманғазы ауданында анықталды.

Коронавирустық инфекциясы бар 1 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде, 3 адамда ауру белгілері жоқ.

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 202 адам емделді.

Қазір 1283 адам үй жағдайында, екінші облыстық ауруханада – 9, модульдік ауруханада – 81, фтизиопульманологиялық орталықта – 9 адам,
аудандық инфекциялық стационарларда – 19. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда науқас жоқ.

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы «жасыл» аймақта.