Қауіпті инфекцияның таралу ошағы Атырау қаласы болып отыр деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 39 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 29 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 3 науқас анықталды.
Инфекция облыстың аудандарында да таралуда. Жылыой ауданында – 1 адам, Исатай ауданында – 1, Қызылқоға ауданында – 2, Құрманғазы ауданында – 1, Махамбет ауданында – 2 науқас анықталды.
Коронавирустық инфекциясы бар 18 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 21 адамда ауру белгілері жоқ.
Өткен тәулікте облыста коронавирустан 14 адам емделді.
Қазір 364 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада – 80, екінші облыстық ауруханада – 50 пациент,
аудандық инфекциялық стационарларда – 35. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда – 61 науқас.
Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы «жасыл» аймақта.