514 адам Сovid-19 және пневмониядан инфекциялық стационарларда ем алуда, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Соңғы тәулікте Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 23 жағдайы расталды, скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 7 науқас анықталды.
Жылыой ауданында -3, Индер, Құрманғазы және Махамбет аудандарында бір-бірден Covid-19 жұқтырғандар анықталды.
Коронавирустық инфекциясы бар 16 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде.
Өткен тәулікте облыста коронавирустан 46 адам емделді.
Қазіргі уақытта 499 адам үй жағдайында, 161 – модульдік ауруханада, 123 – екінші облыстық ауруханада, 47 – фтизиопульмонологиялық орталықта, 130 – аудандық инфекциялық стационарларда ем алуда.
Теңіз кен орнындағы жұқпалы аурулар стационарында 53 науқас емделуде.
Айта кетейік, инфекцияның таралуы бойынша Атырау облысы «қызыл» аймақта қалып отыр.