square 1280 29443f05fc1af0f47bcc8f3fc3fb73f2
- ЖАҢАЛЫҚТАР112 просмотров

Атырау облысында бір тәулікте 32 адам COVID-19 жұқтырған

Өңірде коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың төмендеуі байқалады, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 32 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 19 жағдайы расталды, Теңіз кен орнында 3 науқас анықталды. Ал, 6 – Жылыой ауданында, 1 – Индер ауданында, 0 – Исатай ауданында, 1 – Қызылқоға ауданында, 2 науқас Құрманғазы ауданында анықталды.

Коронавирустық инфекциясы бар 20 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде, 12 адамда ауру белгілері жоқ.

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 496 адам емделді.

Қазір 3 248 адам үй жағдайында, екінші облыстық ауруханада – 16, модульдік ауруханада – 109 фтизиопульманологиялық орталықта – 49 адам,
аудандық инфекциялық стационарларда – 48. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда науқас жоқ.

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы «қызыл» аймақта.