Қауіпті инфекцияның таралу ошағы Атырау қаласы болып отыр деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 310 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 187 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 60 науқас анықталды.
Инфекция облыстың аудандарында да таралуда. Жылыой ауданында 24 науқас, Индер ауданында – 8, Қызылқоға ауданында – 8, Құрманғазы ауданында – 15, Мақат ауданында – 3, Махамбет ауданында – 1 адам.
Коронавирустық инфекциясы бар 202 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 91 адамда ауру белгілері жоқ.
Өткен тәулікте облыста коронавирустан 469 адам емделді.
Қазір 8 614 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада – 179, екінші облыстық ауруханада – 181 пациент, фтизиопульманологиялық орталықта – 62, кардиоорталықта – 93, т/ж ауруханасында – 86 адам ем алуда,
аудандық инфекциялық стационарларда – 355. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда – 433 науқас.
Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы «қызыл» аймақта.