square 1280 29443f05fc1af0f47bcc8f3fc3fb73f2
- ЖАҢАЛЫҚТАР102 просмотров

Атырау облысында бір тәулікте 3 адам COVID-19 жұқтырған

Өңірде коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың төмендеуі байқалады, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 3 науқас анықталды. Барлық 3 жағдай Атырау қаласында расталған.

Коронавирустық инфекциясы бар 1 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде, 2 адамда ауру белгілері жоқ.

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 3 адам емделді.

Қазір 166 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада – 16 науқас ем алып жатыр.

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы «жасыл» аймақта.