Атырау облысында коронавирусты инфекциясын тарату жалғасуда, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 28 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 19 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 4 науқас анықталды, Исатай ауданында – 2, Құрманғазы ауданында – 2, Мақат ауданында – 1 науқас анықталды.
Коронавирустық инфекциясы бар 22 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 6 адамда ауру белгілері жоқ.
Өткен тәулікте облыста коронавирустан 13 адам емделді.
Қазір 171 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада – 93, екінші облыстық ауруханада – 3 пациент,
аудандық инфекциялық стационарларда – 16. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда – 40 науқас.
Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы «жасыл» аймақта.