2021 07 22 123952876900
- ЖАҢАЛЫҚТАР93 просмотров

Атырау облысында бір тәулікте 28 адам Covid-19 жұқтырған

Атырау облысында коронавирусты инфекциясын тарату жалғасуда, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 28 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 20 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 3 науқас анықталды, Жылыой ауданында – 1, Индер ауданында – 3, Құрманғазы ауданында – 1 науқас анықталды.

Коронавирустық инфекциясы бар 21 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 7 адамда ауру белгілері жоқ.

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 28 адам емделді.

Қазір 136 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада – 90,
аудандық инфекциялық стационарларда – 22. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда – 33 науқас.

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы «сары» аймақта.