Атырау облысында коронавирусты инфекциясын тарату жалғасуда, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 25 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 14 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 5 науқас анықталды, Индер ауданында – 3, Құрманғазы ауданында – 1, Махамбет ауданында – 3 науқас анықталды.
Коронавирустық инфекциясы бар 23 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 2 адамда ауру белгілері жоқ.
Өткен тәулікте облыста коронавирустан 24 адам емделді.
Қазір 129 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада – 85,
аудандық инфекциялық стационарларда – 35. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда – 32 науқас.
Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы «сары» аймақта.