eau 8wduwaaihzy
- ЖАҢАЛЫҚТАР89 просмотров

Атырау облысында бір тәулікте 24 адам COVID-19 жұқтырған

Өңірде коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың төмендеуі байқалады, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 24 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 16 жағдайы расталды. Ал, 4 науқас – Теңіз кен орнында анықталған, 1 – Индер ауданында, 3 науқас – Құрманғазы
ауданында анықталды.

Коронавирустық инфекциясы бар 9 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде, 15 адамда ауру белгілері жоқ.

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 230 адам емделді.

Қазір 1088 адам үй жағдайында, екінші облыстық ауруханада – 9, модульдік ауруханада – 70 фтизиопульманологиялық орталықта – 9 адам,
аудандық инфекциялық стационарларда – 19. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда науқас жоқ.

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы «жасыл» аймақта.