Атырау облысында коронавирусты инфекциясын тарату жалғасуда, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 24 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 16 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 2 науқас анықталды, ал Исатай мен Жылыой аудандарда – 2, Құрманғазы ауданында – 4 науқас анықталды.
Коронавирустық инфекциясы бар 16 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 8 адамда ауру белгілері жоқ.
Өткен тәулікте облыста коронавирустан 27 адам емделді.
Қазір 154 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада – 97, екінші облыстық ауруханада – 4 пациент,
аудандық инфекциялық стационарларда – 16. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда – 39 науқас.
Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы «жасыл» аймақта.