Қауіпті инфекцияның таралу ошағы Атырау қаласы болып отыр деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 20 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 12 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 5 науқас анықталды.
Инфекция облыстың аудандарында да таралуда: Исатай ауданында – 1, Қызылқоға ауданында – 1, Құрманғазы ауданында – 1 науқас анықталды.
Коронавирустық инфекциясы бар 13 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 7 адамда ауру белгілері жоқ.
Өткен тәулікте облыста коронавирустан 62 адам емделді.
Қазір 214 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада – 91, екінші облыстық ауруханада – 2 пациент,
аудандық инфекциялық стационарларда – 23. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда – 52 науқас.
Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы «жасыл» аймақта.