eau 8wduwaaihzy
- ЖАҢАЛЫҚТАР145 просмотров

Атырау облысында бір тәулікте 20 адам Covid-19 жұқтырған

Атырау облысында коронавирусты инфекциясын тарату жалғасуда, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 20 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 15 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 3 науқас анықталды, ал Исатай мен Құрманғазы аудандарда 2 науқас анықталды.

Коронавирустық инфекциясы бар 12 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 8 адамда ауру белгілері жоқ.

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 45 адам емделді.

Қазір 150 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада – 93, екінші облыстық ауруханада – 4 пациент,
аудандық инфекциялық стационарларда – 23. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда – 41 науқас.

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы «жасыл» аймақта.