Қауіпті инфекцияның таралу ошағы Атырау қаласы болып отыр деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 20 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 12 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 3 науқас анықталды. Исатай ауданында – 3, Құрманғазы ауданында – 1, Қызылқоға ауданында – 1 науқас анықталды.
Коронавирустық инфекциясы бар 15 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 5 адамда ауру белгілері жоқ.
Өткен тәулікте облыста коронавирустан 47 адам емделді.
Қазір 195 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада – 100, екінші облыстық ауруханада – 4 пациент,
аудандық инфекциялық стационарларда – 24. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда – 46 науқас.
Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы «жасыл» аймақта.