Қауіпті инфекцияның таралу ошағы Атырау қаласы болып отыр деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 19 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 10 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 8 науқас анықталды.
Облыс аудандарында COVID-19 ауруының төмендеуі байқалады.
Қызылқоға ауданында 1 науқас анықталды.
Коронавирустық инфекциясы бар 12 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 7 адамда ауру белгілері жоқ.
Өткен тәулікте облыста коронавирустан 17 адам емделді.
Қазір 548 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада – 111, екінші облыстық ауруханада – 52 пациент,
аудандық инфекциялық стационарларда – 38. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда – 68 науқас.
Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы «сары» аймақта.