Қауіпті инфекцияның таралу ошағы Атырау қаласы болып отыр деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 19 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 11 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 4 науқас анықталды. Жылыой ауданында – 2, Индер ауданында – 1, Исатай ауданында – 1 науқас анықталды.
Коронавирустық инфекциясы бар 12 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 7 адамда ауру белгілері жоқ.
Өткен тәулікте облыста коронавирустан 30 адам емделді.
Қазір 176 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада – 104, екінші облыстық ауруханада – 3 пациент,
аудандық инфекциялық стационарларда – 26. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда – 48 науқас.
Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы «жасыл» аймақта.