Қауіпті инфекцияның таралу ошағы Атырау қаласы болып отыр деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 19 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 13 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 3 науқас анықталды. Құрманғазы ауданында 1 науқас анықталды.
Коронавирустық инфекциясы бар 14 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 5 адамда ауру белгілері жоқ.
Өткен тәулікте облыста коронавирустан 5 адам емделді.
Қазір 231 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада – 91, екінші облыстық ауруханада – 4 пациент,
аудандық инфекциялық стационарларда – 23. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда – 47 науқас.
Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы «жасыл» аймақта.