Атырау облысында коронавирусты инфекциясын тарату жалғасуда, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 17 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 11 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 1 адам, Қызылқоға ауданында – 3, Құрманғазы ауданында – 2 науқас анықталды.
Коронавирустық инфекциясы бар 11 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 6 адамда ауру белгілері жоқ.
Өткен тәулікте облыста коронавирустан 8 адам емделді.
Қазір 166 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада – 76,
аудандық инфекциялық стационарларда – 28. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда – 26 науқас.
Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы «жасыл» аймақта.