755861761112060
- ЖАҢАЛЫҚТАР96 просмотров

Атырау облысында бір тәулікте 17 адам COVID-19 жұқтырған

Өңірде коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың төмендеуі байқалады, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 17 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 10 жағдайы расталды. Ал, 2 науқас – Теңіз кен орнында анықталған, 3 – Жылыой ауданында, 1 – Қызылқоға ауданында, 1 науқас – Мақат ауданында анықталды.

Коронавирустық инфекциясы бар 10 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде, 7 адамда ауру белгілері жоқ.

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 303 адам емделді.

Қазір 1454 адам үй жағдайында, екінші облыстық ауруханада – 11, модульдік ауруханада – 89 фтизиопульманологиялық орталықта – 31 адам,
аудандық инфекциялық стационарларда – 31. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда 1 науқас емделдіп жатыр.

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы «жасыл» аймақта.