b5477c3a501aa2e1e2267f7b41d610c0 l
- ЖАҢАЛЫҚТАР144 просмотров

Атырау облысында бір тәулікте 15 адам Covid-19 жұқтырған

Өңірде коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың төмендеуі байқалады, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 15 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 9 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 2 науқас анықталды, ал Жылыой ауданында – 2, Исатай ауданында – 1, Құрманғазы ауданында – 1 науқас анықталды.

Коронавирустық инфекциясы бар 12 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 3 адамда ауру белгілері жоқ.

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 7 адам емделді.

Қазір 222 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада – 97, екінші облыстық ауруханада – 4 пациент,
аудандық инфекциялық стационарларда – 21. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда – 43 науқас.

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы «жасыл» аймақта.