2021 07 22 123952876900
- ЖАҢАЛЫҚТАР99 просмотров

Атырау облысында бір тәулікте 15 адам Covid-19 жұқтырған

Атырау облысында коронавирусты инфекциясын тарату жалғасуда, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 15 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 10 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 1 науқас анықталды, Исатай ауданында – 1, Құрманғазы ауданында – 2, Махамбет ауданында – 1 науқас анықталды.

Коронавирустық инфекциясы бар 11 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 4 адамда ауру белгілері жоқ.

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 5 адам емделді.

Қазір 156 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада – 76,
аудандық инфекциялық стационарларда – 29. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда – 27 науқас.

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы «жасыл» аймақта.