b5477c3a501aa2e1e2267f7b41d610c0 l
- ЖАҢАЛЫҚТАР121 просмотров

Атырау облысында бір тәулікте 145 адам COVID-19 жұқтырған

Өңірде коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың төмендеуі байқалады, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 145 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 90 жағдайы расталды, Теңіз кен орнында 8 науқас анықталды. Ал, 23 – Жылыой ауданында, 2 – Индер ауданында, 3 – Исатай ауданында, 9 – Қызылқоға ауданында, 7 – Құрманғазы ауданында, 0 – Мақат ауданында, 3 науқас – Махамбет ауданында анықталды.

Коронавирустық инфекциясы бар 73 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде, 72 адамда ауру белгілері жоқ.

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 562 адам емделді.

Қазір 5 664 адам үй жағдайында, екінші облыстық ауруханада – 20, модульдік ауруханада – 124 фтизиопульманологиялық орталықта – 50 адам,
аудандық инфекциялық стационарларда – 50. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда науқас жоқ.

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы «қызыл» аймақта.