2021 07 22 123952876900
- ЖАҢАЛЫҚТАР100 просмотров

Атырау облысында бір тәулікте 14 адам Covid-19 жұқтырған

Атырау облысында коронавирусты инфекциясын тарату жалғасуда, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 14 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 5 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 6 науқас анықталды, Құрманғазы ауданында – 3 науқас анықталды.

Коронавирустық инфекциясы бар 10 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 4 адамда ауру белгілері жоқ.

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 23 адам емделді.

Қазір 132 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада – 83,
аудандық инфекциялық стационарларда – 32. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда – 34 науқас.

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы «жасыл» аймақта.