Өңірде коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың күрт төмендегені байқалады, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 13 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 7 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 4 науқас анықталды, ал Құрманғазы ауданында 2 науқас анықталды.
Коронавирустық инфекциясы бар 7 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 6 адамда ауру белгілері жоқ.
Өткен тәулікте облыста коронавирустан 51 адам емделді.
Қазір 334 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада – 74, екінші облыстық ауруханада – 44 пациент,
аудандық инфекциялық стационарларда – 36. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда – 53 науқас.
Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы «жасыл» аймақта.