Өңірде коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың төмендеуі байқалады, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 12 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 5 жағдайы расталды, ал, 3 науқас – Теңіз кен орнында анықталған, 3 науқас – Жылыой ауданында, анықталды.
Коронавирустық инфекциясы бар 8 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде, 4 адамда ауру белгілері жоқ.
Өткен тәулікте облыста коронавирустан 64 адам емделді.
Қазір 380 адам үй жағдайында, екінші облыстық ауруханада – 3, модульдік ауруханада – 33,
аудандық инфекциялық стационарларда – 14. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда науқас жоқ.
Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы «жасыл» аймақта.