Өңірде коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың төмендеуі байқалады, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 10 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында COVID-19 жұқтырудың 2 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 5 науқас анықталды. Құрманғазы, Мақат және Махамбет аудандарында 3 науқас анықталды.
Коронавирустық инфекциясы бар 8 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 2 адамда ауру белгілері жоқ.
Өткен тәулікте облыста коронавирустан 45 адам емделді.
Қазір 219 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада – 99, екінші облыстық ауруханада – 6 пациент,
аудандық инфекциялық стационарларда – 33. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда – 65 науқас.
Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы «жасыл» аймақта.