bez nazvaniya
- ЖАҢАЛЫҚТАР44 просмотров

Атырау облысында 36 егу пункті жұмыс істейді

Қалалық емханалар базасында стационарлардан басқа 10 жылжымалы вакцинация пункті ашылды, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте басқарма басшысы Асхан Байдуәлиев атап өткеніндей, өңірде халықты жаппай вакцинациялау үшін 36 егу пункті ашылды.

  • Оның ішінде 27 пункт қалалық аймақта, 9 пункт аудандарда жұмыс істейді. Қалалық емханалар базасында 10 жылжымалы егу пункттері ашылды.
    «Теңізшевройл» компаниясының қызметкерлері мен оның серіктестерін вакцинациялау үшін қалада және Теңіз кен орнында қосымша екі егу пункті жұмыс істейді, – деді Асхан Байдуәлиев.

Естеріңізге сала кетейік, 27 сәуірде «Байзар» сауда орталығында қосымша егу пункті ашылды, ал 28 сәуірде «Дина»сауда үйінде егу кабинеті ашылды. Сондай-ақ, қалалық және облыстық әкімдіктерде жылжымалы вакцинация пункттері ашылды.