137 просмотров
Covid22102020 2
- ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында 12 адам COVID-19 инфекциясын жұқтырған

63 / 100

Өткен тәулікте Қазақстан бойынша 141 адам COVID-19 инфекциясын жұқтырған. Оның 12 дерегі Атырау облысында анықталып отыр, деп хабарлайды ATPress.kz

Науқастардың басым бөлігі Нұр-Сұлтан (15) және Алматы (11) қалаларында және Шығыс Қазақстан (21) және Қарағанды (16) облыстарында тіркелген. Павлодарда – 12, Алматы облысында – 11, Солтүстік Қазақстан облысы мен Ақмола облысында – 9 жаңа жағдайдан анықталып отыр. Батыс Қазақстан облысында алты адам COVID-19 жұқтырған. Ақтөбе мен Қостанайда бес адамнан, Шымкент қаласында – 3, Жамбыл облысы мен Маңғыстау облысында – 2, Қызылорда мен Түркістанда бір адамнан індет жұқтырған.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 109 907

Сондай-ақ, өткен тәулікте 84 адам COVID-19 індетінен емделіп шыққан. Оның көбі Қостанай (48) және Солтүстік Қазақстан (12) облыстарында. Алматы қаласы мен Қарағанды облысында – 7 науқастан, Маңғыстауда – 5 адам дерттен айыққан. Атырауда бұл көрсеткіш үш адамға жетіп отыр. Павлодар мен Ақтөбеде бір пациенттен емделіп шыққан.

Індет басталғалы елдегі жазылып шыққандар саны – 105 385 адам

145 Просмотры