Бүгін вакцинаның жаңа партиясы Ақтөбе қаласындағы фармацевтикалық хабтан Атырау облысына жеткізілді, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта «Спутник V» вакцинасының II компонентінің 8 мың дозасы 23 егу пункттеріне таратылуда. Егу нүктелерінің 15-і – Атырау қаласында, 8-і аудандарында орналасқан. Сонымен қатар, қазіргі уақытта өңірде қосымша 5 егу пункті дайындалды.
Айта кетейік, бүгінгі таңда Атырау облысында «Спутник V» екпесінің II компонентімен 3291 адам вакцинацияланды.