photo 359175
- ЖАҢАЛЫҚТАР123 просмотров

Атырау облысына «QazVac» вакцинасының 5 мың дозасы жеткізілді

Отандық вакцина өңірдің барлық егу пункттерінде жергілікті тұрғындарға қолжетімді, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта өңірдің барлық емханаларында «QszVac»вакцинасының 500-ден 1000-ға дейінгі дозасы бар.

Атырау облысының тұрғындары демалыс күндері де отандық вакцинамен егіле алады.

Айта кетейік, «QazCovid-in» вакцинасы, «QazVac» сауда атауы (КазВак, КазКовид-ин) — Covid-19-ға қарсы белсенділігі жойылған вакцина.
Бір құтыда бір доза бар (1 инъекция).

QazVac вакцинасы – белсенді емес вакцина. Организмді әрекет етуге әзірлеп, қорғаныш антиденелер қалыптастырады.