AB6E40C2 5E3B 4A1C 964A 0E6CA16551CC
- ЖАҢАЛЫҚТАР144 просмотров

Атырау облысы «жасыл» аймаққа көшті

Атырау облысында бір тәулікте 24 адам Covid-19 жұқтырған.

Қауіпті инфекцияның таралу ошағы Атырау қаласы болып отыр деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 24 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 18 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 3 науқас анықталды.

Инфекция облыстың аудандарында да таралуда: Исатай ауданында – 2, Құрманғазы ауданында – 1 науқас анықталды.

Коронавирустық инфекциясы бар 20 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 4 адамда ауру белгілері жоқ.

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 25 адам емделді.

Қазір 247 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада – 99, екінші облыстық ауруханада – 6 пациент,
аудандық инфекциялық стационарларда – 33. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда – 73 науқас.

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы «жасыл» аймаққа өтті.