9 2 750x421 1
- ЖАҢАЛЫҚТАР341 просмотров

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ВАКЦИНАЦИЯ ЖҰМЫСТАРЫНА ДАЙЫН

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Қайсар Абдалиев мәлімдеді, деп хабарлайды ATPress.kz

–  Атырау облысында вакцинация жасайтын 27 пункті анықталды және олар толығымен вакцинациялауға дайын. Облысқа денсаулық сақтау министрлігі тарапынан  1 ақпанға дейін 1000 вакцина келу көзделуде. Ең алдымен вакцинациялау медицина саласының қызметкерлері, ЖОО, мектеп интернаты және мектепке дейінгі білім беру саласының қызметкерлеріне салынады, – деді Қайсар Абдалиев.

Сонымен қатар, Қазақстанда вакцинациядан бас тартқаны үшін әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік қарастырылмаған, кез келген қысым көрсету заңсыз болып табылады.