Өңірде коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың төмендеуі байқалады, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 23 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 21 жағдайы расталды, Ал 1 науқас – Исатай ауданында, 1 науқас Махамбет ауданында анықталды.
Коронавирустық инфекциясы бар 9 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде, 14 адамда ауру белгілері жоқ.
Өткен тәулікте облыста коронавирустан 421 адам емделді.
Қазір 2 865 адам үй жағдайында, екінші облыстық ауруханада – 15, модульдік ауруханада – 100 фтизиопульманологиялық орталықта – 39 адам,
аудандық инфекциялық стационарларда – 51. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда 1 науқас емделіп жатыр.
Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы «сары» аймаққа өтті.