coronavirus atyrau
- ЖАҢАЛЫҚТАР1  155 просмотров

АТЫРАУ КОРОНАВИРУСТЫҢ ЕКІНШІ ТОЛҚЫНЫНА ҚАНШАЛЫҚТЫ ДАЙЫН?

Сақтық шаралары мен алдын-алу жұмыстары қанша жүргізілгенімен, екінші толқын бізді айналып өтпейтін секілді.

Ендеше, осы індеттің кезекті «шабуылына» Атырау денсаулық сақтау саласы тойтарыс беруге әзір ме?! Пандемия кезіндегі қателіктер мен кемшіліктерден сабақ алдық па?!

Коронавирустың бірінші толқынында облыс аумағында ПТР (полимеразды тізбекті реакция) зертхана саны 2-еу болса, қазір, 10 зертхана қызмет атқаруда. Індет басталғалы облыста 437 543 тарта ПТР-тест өткізілген.

Екінші толқынға дайындық барысында облыстағы медициналық мекемелердің материалдық-техникалық базасы да айтарлықтай толықтырылды.

coronavirus atyrau 2

Сонымен бірге, «жедел жәрдем» станцияларының арнайы көліктермен қамтылу деңгейі 100 пайызға жеткізілді. Облыста – 93 «жедел жәрдем» көлігі бар. Бірінші толқында қиындық туғызған тағы бір фактор – оттегі станциялары болды. Қазіргі таңда мұндай станциялар облыстағы 8 мекемеге орнатылды.

coronavirus atyrau 3

Тұрғындарды алаңдататын тағы бір мәселе: облыстың дәрі-дәрмекпен қамтылу деңгейі. Қазіргі таңда облыс емханаларында короновирус инфекциясына қарсы препараттардың 5 аталымы бойынша 200 мыңнан астам данасы бар. Станционарларда 26 аталым бойынша 900 мыңға жуық дәрі сақтаулы.

Атырау облысына дәрілік заттармен қамтуға арнайы мекеме міндеттелді. Ол – облысқа дәрі-дәрмектің 42 түрін жеткізуі тиіс. Қазір 715,5 млн. теңгенің дәрілік заттары әкелінді.

Сондай-ақ, облыстың денсаулық сақтау саласы мамандарын жеке қорғаныш құралдарымен қамту да қолға алынып, қазіргі уақытта ауқымды қор жасақталды.

coronavirus atyrau 4

ATPress.kz