6801559160674020bb5677e89f90e9c1
- ЖАҢАЛЫҚТАР223 просмотров

АТЫРАУДА БІР ТӘУЛІКТЕ 73 АДАМ COVID-19 ЖҰҚТЫРДЫ

345 тұрғын коронавирустық инфекцияға қарсы ем қабылдауда деп хабарлайды Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Соңғы тәулікте Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 54 жағдайы тіркелді. Теңіз кен орнында скрининг нәтижесінде 12 адам анықталды.
Сондай-ақ, Жылыой ауданында – 1, Исатай ауданында – 3, Махамбет ауданында – 1, Құрманғазыда 2 адам анықталды.

Коронавирустық инфекциясы бар 41 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде.
Өткен тәулікте облыста коронавирустан 21 адам емделіп шықты.
Қазіргі уақытта 397 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада 131,
№2 облыстық ауруханада -97, фтизиопульманологиялық орталықта -5, аудандық инфекциялық стационарларда – 65 адам ем алуда. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда 47 адам емделуде.
Айта кетейік, инфекцияның таралуы бойынша Атырау облысы «қызыл» аймаққа өтті.